ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛА АУЫСТЫРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.017Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып табылатын бала ауыстыру қылмысының криминологиялық тұстары, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың заңды сипаты, қоғамға қауіптілігі мен оны болдырмау жолдары туралы айтылады.
Мақаланың негізгі мақсаты әрбір баланың отбасында, өзінің туған ата-анасымен бірге болуын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру мен бала ауыстыру қылмысын болдырмауға әрекет ету негізінде жазылып отыр.
Мақаланың ғылыми маңызы болып аталған зерттеудің Қазақстан және ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) аумағында бұрын-соңды зерттелмегендігінің өзі соны айғақтайды. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 136-бабында көрсетілген «Бала ауыстыру» қылмысының криминологиялық тұстарын, оның ішінде, оны алдын алу, болдырмау жағдайларын зерттеуге бағытталған. Зерттеудің әдістемелік негіздерін салыстырмалы-құқықтық, тарихи-логикалық, статистикалық, сараптамалық-бағалау әдістері құрайды. Зерттеудің маңызы болып оның басқа авторлармен қарастырылмағандығы танылады. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануға болады.
Мақалада бала ауыстыру түсінігі, бала ауыстыруды алдын алу жолдары мен профилактикасы мәселелері, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын алу субъектілерінің рөлі, бала ауыстыру фактілері туралы жекелеген мәліметтер, медицина қызметкерлерінің жауаптылығы мәселесі және т.б. қарастырылады.
Түйін сөздер: бала, ата-ана, отбасы, кәмелетке толмағандар, қылмыс, саудаға салу, ДНҚ.
