НОРМАЛАР БӘСЕКЕЛЕСТІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.016Аңдатпа
Мақала біздің қоғам өмірінің қазіргі процестері идеологиялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы себептерден туындаған белгісіз теріс оқиғалардың пайда болуымен ерекшеленгендіктен қазіргі уақытта өзекті болып отырған нормалар бәсекелестігі мен қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығына арналған. Сонымен қатар, мақалада қылмыстық-құқықтық нормалар бәсекелестігінің заңды табиғаты қарастырылады және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы тұсындағы нормалар бәсекелестігі айқындалады, нормалар бәсекелестігінің маңызды түрлері ашылды.
Мақаланың мақсаты бәсекелестік нормаларының маңызды түрлерінің бірі қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеудегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және қылмыстардың қайталануын айқындау болып табылады.
Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы қылмыстық заң шығарушылықты жетілдіру үшін талдаулар мен ұсыныстарды қолдану мүмкіндігінен тұрады. Зерттеу қорытындылары қылмыс жиынтығын айқындауда, нормалар бәсекелестігін қолдануда құқық қолдану органдарының қызметін жетілдіру үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының жетекші түсіндірмелерін дайындауда пайдаланылуы мүмкін.
Мақаланың әдістемелік негізін жүйелілік, логикалық-заңдық, тарихи және нақты-әлеуметтік сияқты жалпы ғылыми және арнайы білім әдістері құрайды.
Мақалада құқық бұзушылық жиынтығының нормалар бәсекелестігі қарастырылады. Автор құқық бұзушылық жиынтығын дәрежелеу кезіндегі нормалар бәсекелестігінің мәселелеріне көңіл бөледі. Мақалада қарастырылған теориялық негіздер, мазмұны мен қорытындылары қылмыстық құқықтың көптеген бөлімдерін толықтырады және дамытады.
Түйін сөздер: нормалар бәсекелестігі, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы, идеалды жиынтық.
