Қылмыстық iс жүргiзудегі жеке тұлғаның қол сұғылмау қағидасының негізі ретінде жеке бостандық құқығы

Авторлар

  • G.N. Mukhamadyeva
  • G.M. Atakhanova
  • K.S. Timchenko
  • A.M. Yergali
  • Kevin M. Beaver

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.015

Аңдатпа

Мақалада жеке басқа қол сұқпаушылық қағидасының жүзеге асырылу мысалында,
қылмыстық іс жүргізуде анық байқалушы, мемлекет пен тұлға мүдделерінің теңгерімділігі
мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты автор – мемлекеттік органдармен, соның ішінде
қылмыстық қудалау органдарымен қабылданатын, мемлекеттік заңдылықты және құқықтық
тәртіпті қамтамасыз етуге саятын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының; ҚР-
дың қылмыстық іс жүргізудің негізін қалаушы және бастама негіз ретінде жеке басқа қол
сұқпаушылық қағидасының мәнін, маңызын және рөлін – өзекті деп санайды. Бұл үшін мақалада
мемлекеттік-құқықтық ғылым категориясы ретінде жеке басқа қол сұқпаушылықтың құқықтық
негіздері, сондай-ақ қылмыстық процестің қағидасы ретінде жеке басқа қол сұқпаушылықтың
құқықтық негізі зерттеледі. Қойылған мақсаттарға жетуге мынадай міндеттер қойылды:
демократиялық мемлекетте адамның құқығы ретінде оның жеке басқа қол сұқпаушылық
категориясын тұжырымдау. Жеке басқа қол сұқпаушылықты құқықты реттеуші халықаралық
құқықтық нормалар мен ҚР-дың заңдарының арақатынасын анықтау; жеке басқа қол
сұқпаушылық қағидасының негізі ретінде адамның жеке бостандыққа құқығы туралы ҚР-дың
Конституциясының нормаларына талдау жасау; қылмыстық-процестік ғылымның категориясы,
қылмыстық-процестік заңның қағидасы ретінде жеке басқа қол сұқпаушылыққа құқықтық баға
беру; Қойылған мәселелерді зерттеуде сонымен қатар, логикалық, формалды-құқықтық; аналитикалық;
зерттеудің пәнінің сапалы сипаттамасын ашушы, зерттелуші институттың мәнін анықтауға,
Қазақстан Республикасында заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайына конституциялық және
салалық заңдардың жүйелі әсер етуіне мүмкіндік беретін функционалды әдіс қолданылады.
Автордың ғылыми талдау жасау талпынысында кешенділік (конституциялық құқық ретінде
жеке басқа қол сұқпаушылықты зерттеу) және жүйелілік (қылмыстық процестің қағидасы)
қағидалары жүйелі жүзеге асырылып, тиімді үйлесімін табады, бұл жеке басқа қол сұқпаушылық
қағидасының жүзеге асырылуы үшін қылмыстық-процестік мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелерін
аса толық ғылыми өзекті етуге жол ашады.
Түйін сөздер: адам құқықтары, бостандыққа құқық, жеке басқа қол сұқпаушылық, қылмыстық-
процестік мәжбүрлеу шаралары, жеке басқа қол сұқпаушылық қағидасы, қылмыстық іс
жүргізу.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-03

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY