Патогенді микроорганизмдер биотерроризмнің криминалистикалық сипаттамасының элементі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.012Аңдатпа
Мақала терроризм актісін жасау кезінде патогенді микроорганизмдермен материалдық ортаның зақымдану жағдайларын криминалистикалық талдауға арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық әдебиетте зерттелмегендігімен және «аса қауіпті инфекциялар», «биологиялық агенттер», «бактериологиялық қару», «биологиялық қару», «патогенділік», «контагиозды қасиеттер» және т.б. ұғымдар қарастырылмағандығымен түсіндіріледі. Криминалистикада қазіргі уақытта әзірленген биологиялық қарудың биологиялық агенттерінің қасиеттері, көрсетілген құралдарды қолдана отырып, террористік акт жасалуы мүмкін материалдық жағдайда іздің пайда болу механизмі мен сипаты жүйеленбеген. Іздестіру
тергеу әрекеттерін жүргізуді техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелері
қаралмаған, мысалы, оқиға болған жерді тексеру кезінде, егер терроризм актісі жасалған болса,
осы санаттағы қылмыстарды тергеудің тактикалық ерекшеліктері бойынша ұсыныстар жоқ,
мамандар қандай процессуалдық нысанда іске тартылуы тиіс, террористің (-тердің) кінәлілігін
дәлелдеу үшін қандай мән-жайлар және қандай мамандардың көмегімен анықталуы тиіс, сондай-
ақ терроризм қылмыстарын тергеу әдістемесін құрайтын өзге де сұрақтар зерттелген емес.
Зерттеудің мақсаты, биологиялық қару жасау үшін қолданылатын табиғи патогенді
микроорганизмдердің және биологиялық агенттердің қасиеттеріне сүйене отырып, олардың
патогендік дәрежесі бойынша, ену тәсілі және т.б. бойынша қазіргі жіктемесіне сүйене отырып,
бұл микроорганизмдердің негізгі қасиеттерін криминалистикалық аспектіде бөліп көрсету,
тергеудің бастапқы кезеңінде тергеу жүргізу тактикасын анықтау үшін оларды жүйелендіру.
Биологиялық агенттерге, биологиялық қаруға, бактериалогиялық материалды индикациялау
әдістеріне арналған микробиологтардың, вирусологтардың, биологтардың, эпидеомиологтардың,
әскери эпидеомиологтардың ғылыми еңбектері, сондай-ақ қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу
теориясы мен практикасына арналған криминалистердің еңбектері әдіснамалық негіз болды.
Түйін сөздер: терроризм актісі, патогенді микроорганизмдер, биологиялық агенттер, аса
қауіпті инфекциялар, биологиялық қару, вирус, патогенді бактерия, риккетсия, токсиндер,
тактика, тергеу әрекеттері.
