Лоббизмнің заң шығармашылығындағы рөлі

Авторлар

  • A.Zh. Zharbolova
  • N.K. Mynbatyrova
  • A.A. Alshurazova

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.03

Аңдатпа

Мақала заң шығармашылығының субъективтік факторларының бірі ретінде лоббизмнің заң шығармашылығына тигізетін әсерін саралауға арналған. Заң шығармашылығы саласында лоббизм қандай да бір әлеуметтік топтардың қабылданудағы нормативтік-құқықтық актіге өз мүдделерін енгізу мақсатында заң шығару процесіне әсер ету жөніндегі қызметін білдіреді.
Ғылыми зерттеудің мақсаты болып лоббизмнің заң шығармашылығын жүзеге асырудағы рөлін анықтап, оның кәсіби реттелу қажеттігін негіздеу табылады.
Зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, синтез, статистикалық, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, диалектикалық, тарихи.
Зерттеу нәтижесінде лобби заң шығармашылығының ажырамас, өте маңызды институты болып табылады, Қазақстанда лоббисттік қызметті құқықтық реттеудің өзіндік, тиімді жүйесін жасау үшін озық шетелдік тәжірибені ескере отырып лоббисттік қызметтің мақсатын, оның мүмкін болатын әдістері мен нысандарын анықтап алу қажет деген қорытынды жасалды. Заң
шығармашылығына қозғау салатын, заңның мәтінінің қалыптасуына және қабылдануына әсер
ететін фактор ретінде лоббизм – бұл заң жобаларына қатысты ортақ келісімге келуге қол
жеткізетін, ортақ мүддені көтеріп, мемлекет өмірінде демократиялық қағидаларды тереңдету
мен кеңейтуге ықпал ететін ықпалды құрал.
Мақалада лоббизмнің заң шығармашылығының тиімділігін арттыруға тигізетін әсері, оның
пайдалы нәтижелері анықталды.
Жұмыстың қорытындыларының практикалық маңыздылығы: зерттеу тұжырымдарын елімізде
жүзеге асырылы жатқан құқықтық реформалардың негізіне алуға болады
Түйін сөздер: заң шығармашылығы, лоббизм, құқықтық акті, заң жобасы, құқықтық реттеу,
заң шығармашылығының субъективтік факторлары.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-10

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW