Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық су ресурстарын қорғау және пайдаланудың кейбір құқықтық мәселелері туралы

Авторлар

  • A.Zh. Zhunusbekova

Аңдатпа

Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін елдер арасындағы ынтымақтастық
қазіргі кезде маңызды мәнді алуда. Суды ортақ пайдаланудағы өзара тәуелділік су ресурстарының
біркелкі бөлінбеуімен, сондай-ақ оларды тиімсіз пайдалануымен сипатталады. Мақалада
Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану
және қорғау саласындағы жағдай талданады. Қытайдың су ресурстарын пайдалану саясатының
қалыптасуына және жүзеге асырылуына әсер ететін факторларға назар аударылады. Қытайдың
трансшекаралық өзендерін пайдаланудың экологиялық және экономикалық салдары және екі ел
арасындағы су қатынастарын реттейтін халықаралық нормативтік-құқықтық база қарастырылады.
Екі ел арасындағы трансшекаралық су ағындарын пайдаланудың шарттық құқықтық негізін
бірқатар қабылданған екіжақты келісімдер болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстан мен Қытай
арасындағы су қатынастары саласында жаңа құқықтық базаны құру қажеттілігі туындайды. Бұл
трансшекаралық өзендердің суын қорғау және пайдалану проблемаларын шешу, сондай-ақ су
секторындағы екіжақты келісімдерді және трансшекаралық ағындардағы гидротехникалық
құрылыстарды салу жобаларын халықаралық құқыққа қатаң сәйкестендіру үшін су бөлу және
суды пайдалану мәселелерінде екі елдің жаңа тәсілдерін талап етеді.
Түйін сөздер: трансшекаралық су ресурстары, су қоймасы, су жинау, сумен жабдықтау, су
ресурстарын қорғау.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY