КИБЕРҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАУІП РЕТІНДЕ

Авторлар

  • K. Almazkyzy

Аңдатпа

Әлемдік қоғамдастықта жаһандық үдерістердің дамуына түбегейлі әсер еткен заманауи құбылыстардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды жетілдіру болды. Желілік компьютерлік коммуникациялардың таралуынан туындаған мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық өзгерістер ауқымы көптеген ғалымдарға оларды адамзат өркениетінің тарихындағы жаңа кезеңнің басталуының көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жаһандық компьютерлік желіні пайдалану – мемлекетаралық қатынастарды жаһандану және ақпараттық қоғамды құрудың маңызды алғышарттарының бірі екендігі құпия емес.
Біз бұрын атап өткендей, киберқылмыс – бұл киберкеңістікке қолжетімді құралдар мен құрылғылар арқылы жүзеге асырылатын, заңмен қорғалатын әртүрлі әлеуметтік қатынастарға зиян келтіруге бағытталған, ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы киберкеңістікте қашықтан жасалатын қылмыс. Киберқылмыс міндетті түрде құқыққа қайшылық, қоғамдық қауіп, кінәлілік және жазалау сияқты белгілерге ие.
Киберқылмыстың белгілері мен ерекшеліктерін зерттеу көбінесе белгілі бір қиындықтарды тудырады. Біріншіден, осы заңсыз әрекеттердің тобы үшін белгіленген терминологиялық аппараттың заң ғылымы мен құқық қолдану практикасында болмауы. Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты – заңмен қорғалатын және электрондық жеткізгіш құралдарында қамтылған ақпарат; ақпараттық жүйелер, соның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі, телекоммуникация желісі, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар.
Түйін сөздер: киберқылмыстылық, қылмыс, жаһандану, киберкеңістік, қылмыстық кодекс.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY