Қылмыстық әрекет құрылымындағы криминалистикалық маңызды элементтер жүйесі

Авторлар

  • R.B. Tapalova
  • N.S. Temirbolat
  • S. Daubasova

Аңдатпа

Мақала қылмыстық іс-әрекеттерді криминалистикалық талдау мәселесіне арналған. Авторлар
қылмыстың мазмұны туралы криминалистикалық білімнің қалыптасу, даму және қазіргі заманауи
жағдайы жөніндегі криминалистердің көпжылдық ғылыми зерттеулер нәтижелерін қарастырған.
Қылмыстарды талдау бойынша криминалистиканың барлық тиімді ғылыми өңдеулерінің
мәліметтері жинақталып әртүрлі қылмыстарды тергеуді қамтамасыз ететін криминалистикалық
әдістемеде көрініс табатын ғылыми ереже жүйесін қалыптастырады. Маңызды сұрақтар
талдалынған. Криминалистердің теориялық жұмыстарының негізінде қылмыстың мазмұны
ашылған, қылмыс құрамының келесідей элементтері айқындалған: қылмыс жасалынған
жағдайлар, қылмыстың жасалу тәсілі мен механизмі, қылмыс жасау процесі кезінде пайда болуы
мүмкін типтік іздер, олардың шоғырлану жерлері, қылмыскердің жеке тұлғасының типологиялық
қасиеттері, қылмыс ізін жасыруға бағытталған қылмыскердің мүмкін айла-тәсілдері және
жәбірленуші мен қылмыскердің арасындағы қатынас сипаты, болуы мүмкін куәлар мен олардың
көрсетпесінің қалыптасуына әсер ететін факторлар, қылмыстың зардабы және т.б. Зерттеу
әдістемесі абстрактіден нақтыға ауысатын диалектикалық қисынды қағидаларына негізделген.
Зерттеу нәтижелері криминалистикалық маңызды элементтер жүйесін көрсету мен қылмыстарды
ашу мен тергеу кезіндегі элементтердің ролін айқындаудан тұрады.
Түйін сөздер: қылмыс, қылмыстың жасау тәсілі, жасыру тәсілі, механизм, жағдайлар, іздер,
қылмыскердің, жәбірленушінің жеке тұлғасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY