Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты құқықтық реттеу
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы ауылшаруашылық кооперативінің құқықтық мәртебесінің теориялық және практикалық аспектілері талқыланады. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық саласы экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметінің құқықтық қырларын зерттеу ауылшаруашылық өнімін арттыруға және сол арқылы елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Автор зерттеліп отырған мақаланың өзектілігін айқындай келе Қазақстан Республикасының заңнамасында ауылшаруашылық кооперативтерінің орны мен маңызын көрсетеді. Ауылшаруашылығы кооперативтерін құқықтық анықтау тұрғысынан ғалымдардың көзқарастарын сыни тұрғыдан талқылай келе, авторлық анықтама ұсынылады. Сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруде ұсыныстар келтірілген. Зерттеу қорытындысында автор, ауылшаруашылық кооперативтерінің қызметінің негізгі қағидаларын ұсына отырып, ол қағидаларды тиімді қолдану ауылшаруашылығы кооперативтері заңнамасын жетілдірудегі орнын көрсетеді.
Түйін сөздер: аграрлық заңнама, ауылшаруашылық кооперативі, аграрлық құқықтық қатынастар, жер құқығы, экологиялық құқық, мемлекеттік механизм, құқық субъектісі.
