АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Zh.T. Karasheva
  • A.B. Omarova

Аңдатпа

Бұл мақалада ақылы қызмет көрсету шартының қалыптастыру негіздерін қарастырады. Жұмыстың мақсаты ақылы қызмет көрсету шартын анықтау және даму заңдылықтарын қарастыру; ақылы қызметтің даму кезеңiн айқындау; ақылы қызмет көрсету шартының ерекшеліктерін анықтау. Мақаланың өзектілігі мынадай факторларға байланысты: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 1994 жылы алғаш рет қабылданып, содан 1998 жылы арнайы бөлімі қабылданды, осыған қатысты ақылы қызмет көрсету шартын толық өзге құқықтық шарттан өзгешелігін қарастыру болып табылады. Қазіргі таңда, міндеттемемен ақылы қызмет көрсету шарттарының ерекшеліктерін анықтау және ұқсастығын қарастыру, олардың түрлерін ажырату болып табылады. Сол уақыттағы келісімнің ерекшеліктерінің бірі – экономикалық нәтижеге назар аудару. Қызмет көрсету шарты осы мүмкіндіктен айырылды. Жалдау шартының пәні ретінде бір жағынан еңбек және оның нәтижесі болса, ал екінші жағынан жалдау материалдық нәтижені талап етпеуі болып табылады. Ақылы қызмет көрсету туралы тараптар мердігер және тапсырыс беруші болып табылады. Азаматтардың да, сондай-ақ заңды тұлғалардың да өздерінің іс-әрекеттерінде әрекет ете алады, себебі мақалада келісімшарт тараптары бойынша ешқандай шектеулер жоқ.
Түйін сөздер: қызмет, ақылы қызмет көрсету шарты, міндеттеме, келісімшарт, еңбек, тапсырыс беруші, орындаушы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-11

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW