«Ішкі істер органдарының арнайы операциялары» ұғымын анықтау сұрағы туралы
Аңдатпа
Мақалада ішкі істер органдарының әкімшілік қызметінің арнайы операциялар ұйымдастыру
және жүргізу сияқты дербес аспектісі қарастырылады. Автор осы саладағы негізгі терминдерді
анықтау мәселелерін зерттейді. Ішкі істер органдарының арнайы операцияларының ұғымын,
мазмұны мен түрлерін нақты түсіну құқық қорғау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін ғана емес,
сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
үшін қажет. Ішкі істер органдарының арнайы операциялары априори проблемалық жағдайларды
күштеп шешуді білдіреді, мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолданылуымен байланысты болады.
Тиісінше, ішкі істер органдарының арнайы операциялары тартылған азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер етеді.
Автор өз жұмысында «арнайы операциялар» ұғымын анықтау мәселесін қарастыруда.
Сонымен қатар, мақалада әртүрлі ғалымдардың ішкі істер органдарының арнайы операцияларын
анықтау мен жіктеуге қатысты пікірлері келтірілген. Арнайы операциялардың ұғымы Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленбегенін атап өткен жөн. Автордың
пікірінше, бұл тұжырымдама «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңында
көрініс табуы керек. Өз позициясын дәлелдеу үшін автор ішкі істер органдарының арнайы
операциялардың негізгі ерекшеліктерін көрсете отырып, оның анықтамасын ұсынады.
Түйін сөздер: арнайы операция, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мәжбүрлеу, әкімшілік
қызмет әдісі, әкімшілік қызмет нысандары.
