Қазақстан Республикасының сот реформасындағы ерекшеліктері
Аңдатпа
Ата Заңымызда əркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар екені
қамтылған. Республика соттары сот билігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Консти-
туция бойынша сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыра алады. Соттың ең басты мақсаты – азаматтар мен
заңды тұлғалардың құқығын, бостандықтары мен заңды мүддеcін қорғау, Конституцияның, конституциялық
заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету
болып табылады. Биыл 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезінде судьялардың,
жалпы сот саласының соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарының нəтижесі басты назарда болды.
Түйін сөздер: сот, сот билігі, судья, сот реформасы, судьялар съезі, медиация.
