Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттардың орны

Авторлар

  • G.A. Kuanaliyeva

Аңдатпа

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт әр адамға өз еркімен адавокатты таңдап
қорғану құқығына кепілдік береді. Бұл құқық әділетті сот процесінің негізі болып табылады. Өйткені ол
толыққанды қорғаудың негізгі шарты болып табылатын, айыпталушы мен адвокаттың арасындағы сенімділікті
қалыптастырады, сондай-ақ сенімге және қорғаудың кәсіби мәртебесіне асыра сілтеушілікке жол бермейді.
Адвокаттың құқықтық мәртебесінің негізін, тек қана заңда көрсетілген өкілеттіктер емес, сонымен қатар осы
өкілеттіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды механизмдердің жиынтығы да құрайды. Осындай
механизмдердің қатарына, адвокаттардың өз кәсіби міндеттерін атқару барысында құқық қорғау және құқық
қолданушы органдарынан тәуелсіз болу кепілдігі жатады. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республи-
касы заңының 17-бабында адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің толық тізбегі көрсетілген, олардың ішінде
адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруге тыйым салу; адвокаттық iс жүргiзу, онымен байланысты
өзге де материалдар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық; адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың
құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ
олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
Түйін сөздер: адам құқықтары мен бостандықтары, адвокат, адвокаттық қызмет, сезікті, айыпталушы, сот.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY