Құқықтың жалпы теориясының пәні мен әдісінің диалектикасы
Аңдатпа
Құқық объект ретінде әртүрлі ғылымдармен зерттеледі. Сол ғылымдардың әрқайсысы құқықты өзінің
спецификалық түсінігі мен өзінің сол объектіні зерттеу тәсілдерін қолдану көзқарасымен, өзінің ерекше пәні
мен әдісі позициясынан қарастырады. Әдіс танушы субъектіні зерттеушілік әрекетке бағыттайтын, белгілі
бір амалдар мен танудың объектісі мен затының жиынтығы болып табылады. Сол амалдар мен тәсілдердің жиынтығы мынадай мақсаттарды көздейді: құқық теориясының жалпы пәнін суреттеу, құқықты оның бол-
мысы мен заңы арқылы әлеуметтік құбылыстардың әралуандылығын зерттей отырып қарастыру. Жалпы
құқық теориясы пәнінің өзгешелігінде, оның әдісінің де өзгешелігі көрініс табады. Құқық туралы теориялық
білімді қолданыстағы құқық тұжырымдамаларында болатын оның болмысы мен құбылысы ретінде қарастыру,
жиынтығында оның пәні мен әдісінің арасындағы байланыс пен бірлігінің үрдісін көрсетеді.
Түйін сөздер: құқық, объект, пән, әдіс, диалектика, логика.
