Банк кепiлдiгi азаматтық құқықта міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тəсiлі
Аңдатпа
Бұл мақала банк кепiлдiгiн азаматтық құқықта міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тəсiлі ретінде
қарастыруына арналған. Заңмен, сол сияқты азаматтық айналымның субъектiлерiнің келiсiмімен, міндеттемені
қамтамасыз етудің əртүрлi тəсiлдерi ескерiледi. Заң мұндай тəсiлдерге банк кепiлдiгiн міндеттемені орындауды
қамтамасыз етудің акцессорлы емес тəсiлі ретінде жатқызады. Банк кепiлдiгi отандық азаматтық құқықтың
қалыптасып жатқан институты болып табылады, сонымен бірге iрi коммерциялық мəмiлелер мен кəсiпкерлер
арасындағы қатынасты iске асыруында қызмет көрсетуге арналған, жəне оларды қамтамасыз етудің ең сенiмдi
тетiгiн құрастырады.
Түйін сөздер: мiндеттеме, мiндеттемелiк құқық, міндетемелерді орындауды қамтамасыз ету тəсiлдерi, кепiлдiк,
банк кепiлдiгi, гарант, жауапкершiлiк.
