Экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің кейбір мəселелері
Аңдатпа
Экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мəселелерінің адамзат өркениетінің даму
жолында ұзақ əрі күрделі тарихы бар. Мемлекетімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі – ол тиісті
ортаның антропогендік жəне басқа да факторлардың қатерлі əсерінен қорғалуының жай-күйі. Со-
нымен қатар қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік табиғатты
тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды.
Тиісті нəтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің
сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.Адамзат өркениеті
дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының əл-
ауқаты, ең алдымен, оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дəрежесіне байланысты екендігін
анық көрсетіп отыр.
Түйін сөздер: қоршаған орта, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық пробемалар.
