Жер қойнауын пайдалану саласындағы жалпы мінездеме жəне экологиялық тəуекелдердің жалпы сипаттамасы
Аңдатпа
Берілген мақалада жер қойнауын пайдалану саласындағы экологиялық тəуекелдердің мəні, түрлері
жəне құрылымы қарастырылған. Қоршаған ортамен байланысты көп түрлі тəуекелдер біркелкі
экологиялық тəуекелдер терминімен анықталады. Экологиялық тəуекелдер тікелей антропогендік
əсер ету жəне одан тыс аймақта экологиялық жүйелердің əрі қарай дамуына қолайсыз болуы мүмкін
қоршаған ортаға антропогендік əсер ету кезінде бұзушылықтардың пайда болу қаупінің деңгейі мен
ықтималдығын алдын ала бағалауды экологиялық тəуекелдер ретінде түсіну қажет. Жер қойнауын
пайдалану саласында жүргізілетін жұмыстардың қоршаған ортаға əсері көп. Жүргізілген зерттеу
негізінде авторлармен экологиялық тəуекелдер терминінің толық анықтамасы, оның негізгі сипатта-
масы жəне құрылымдық элементтері беріледі.
Түйін сөздер: экологиялық тəуекелдер, қоршаған орта, жер қойнауы, тəуекелдер, жер қойнауын пай-
далану, сақтандыру.
