Қылмыстық процестегі кінəні мойындау туралы мəміле ұғымы
Аңдатпа
Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында аса өзекті бо-
лып табылатын англо-саксондық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің қылмыстық процесінде
қолданылып келе жатқан кінəні мойындау туралы мəміле институтын отандық заңнамаға енгізу
сұрақтарына арналған. Зерттеу барысында бұл институттың ұғымына заңи əдебиеттерде берілген
екі түрлі терминдердің болуының сұрақтарына талдау жасалған. Аталған институттың қылмыстық
іс жүргізу кодексінің жобасына берілген түсініктемесі қарастырылып, оның кемшіліктері көрсетіліп,
ұсыныстар берілген.
Түйін сөздер: мəміле, келісім, кінə, айыпталушы.
