Сот бақылауы адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының жүзеге асырылуының құралы ретінде
Аңдатпа
Сот бақылауының қылмыстық сот өндірісінің сотқа дейінгі стадияларында біртіндеп
кеңейтілуі адам жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз
етілуінің əдісі ретінде сот билігінің негізгі көрсетулерінің бірі болып табылады. Соңғы бес жыл-
да заңға енгізілген негізгі өзгертулердің бірі бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың прокурор-
мен емес, сотпен санкциялануы, сонымен қатар Конституцияда бекітілген адам жəне азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын шектеуші тергеу əрекеттерінің де, атап айтқанда тінту; пошта-теле-
граф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу; хабарды жол-жөнекей ұстау; сөйлесулерді
тыңдау мен жазудың сотпен санкциялануы шынайы құқықтық мемлекет болудың бір кепілі деп
пайымдауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: сот бақылауы, адамның жеке басына тиіспеушілік, санкция, бұлтартпау шарасы, сотқа
шағымдану институты, тергеу əрекеттері, прокурорлық қадағалау.
