ДУХОВНО – НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ
Аңдатпа
Бұл мақалада мемлекеттік қызметкерлерді рухани-адамгершілік тұрғыдан тəрбиелеудің мəні жан-жақты талданады.
Мемлекеттік органдарда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қарапайым халықтың артар үміті жоғары екендігін естен
шығармаған жөн. Сол себептен де мемлекет мүддесі үшін қызмет атқаратын азаматты рухани құндылық, адамгершілік
қағидаларымен сусындату, осы қасиеттерді бойына жинақтау бүгінгі күннің ең басты мəселелерінің бірі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында Елбасымыздың əр жылғы жолдауларында мемлекеттік қызметкер азаматтардың
құқығын, ар-намысын, еркіндігін сыйлауына басты назар аударылады. Қорыта келгенде, мемлекеттік қызметкер туралы
заңда да бұл тақырып қарастырылмаған. Сондықтан, шенеуніктерді дайындау, оқыту барысында рухани-адамгершілік
тəрбие беру тəжірибесін мемлекеттің басым бағыттарының біріне айналдыру керек.
