Арктиканың құқықтықтың режимі – жаңа шақыру жəне өлшемдер
Аңдатпа
Арктиканың мұзды жамылғысы бар аймағының ерекшелігіне байланысты халықаралық құқықтық тəртібі 1982 жылы
қабылданған БҰҰ-ның теңіздік құқығы туралы Конвенциясына негізделген. Бүгінде осы аймақтарды иеленуге жəне шекаралар
мен теңіздер түбіне қатысты əскери қақтығыстар жоқ деуге болады. Дегенмен алыстағы немесе жақындағы келешекте осы
мəселелер бойынша дау-жанжалдар тууы мүмкін. Мақаланың мақсаты – Арктиканың құқықтық режимін, континентальды
шельф, жағадағы суларға шекара орнатудағы даулар, тəуелсіз экономикалық зоналар мен Арктика құрлығының егеменді
аймақ болу құқығы туралы мəселелерді зерттеп, оларға анализ жасау.
