Сот əділдігін жүзеге асыру барысында қылмыстық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы Конституциялық
заңына сəйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады жəне азамат-
тар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республи-
ка Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық
шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Мақалада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі сот билігінің орны
мен сот əділдігін жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу принциптерінің орны мен
маңыздылығы қарастырылады.
Түйін сөздер: сот билігі, сот əділдігі, қылмыстық іс жүргізу принциптері, сот жүйесі, сот, судья, үкім.
