Қылмыстық іс жүргізудегі сот ісін жүргізуді тараптардың бəсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру принципі
Аңдатпа
Тұлғаның, соның ішінде сот өндірісіне түскен адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің макси-
малды жоғары қорғалуының деңгейі демократиялық жəне құқықтық мемлекеттің айрықша белгісі
болып табылады. Осыған байланысты сот ісін жүргізудің бəсекелестігі мен тең құқықтылығы
негізінде жүзеге асыру принципінің қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларына таралуы, сондай-
ақ осы принциптің кепілдіктерінің қолданылуы ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында бекітілген қылмыстық іс
жүргізудің міндеттерінің орындалуына септігін тигізеді.
Түйін сөздер:бəсекелестік, тең құқықтылық, теңдік, айыптау, қорғау, сот төрелігі.
