Кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасына криминологиялық сипаттама
Аңдатпа
Мақала кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасына криминологиялық сипаттамаға арналған. Ең біріншіден, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерімен, тұлғаның құрылымындағы нақты биологиялық, психологиялық және психикалық өзгерістермен байланысты болады. Жаспен нақты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың «физикалық» мүмкіндіктері, күш, интеллект пен қызығушылықтардың дәрежесі анықталады.
Түйін сөздер: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасы.
