Қылмыстық процестегі жариялылық қағидасының жүзеге асырылу мәселелері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудің негізін қалаушы және басқарушы негіз ретінде жариялылық қағидасының құқықтық табиғаты қарастырылады. Жариялылық қағидасының жүзеге асырылу механизмінің негізгі элементтерін анықтаушы заңды ары қарай жетілдіру қажеттігі өзектеледі. Қылмыстық сот өндірісінде жариялылықтың кеңейтілу жолдарын анықтау қажеттігі туралы мәселелер қарастырылады.
Түйін сөздер: жариялылық қағидасы, қылмыстық іс жүргізу, айыптау функциясы, қорғау функциясы, сот әділдігін жүзеге асыру.
