Криминалистикалық техника дәлелдемелерді жинау мен қолдану технологиясы ретінде
Аңдатпа
Криминалистикалық техника техникалық және табиғи ғылым саласында қолжетімді жетістіктерді, сонымен қатар статистикалық және математикалық тәсілдер т.б. қолданады. Тәсіл ретінде криминалистикалық техника әртүрлі химия, физика, биология, медицина және тағы басқа көптеген ғылым саласындағы тәсілдерді жетістікке жету үшін қажетті және қылмыс іздерін анықтау мақсатында қолданылуы мүмкін. Криминалистиканың ғылыми техникалық әдісіне қылмысты анықтаумен байланысты техникалық құрал-жабдықтар, ғылыми әдіс-тәсілдер, сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге жарамды мүмкіндіктер жатады.
Түйінсөздер: криминалистика, криминалистикалық техника, ғылыми техникалық әдістер мен тәсілдер, қылмыс іздері, қылмыстық ізге түсушілер, криминалист-маман.
