Ұйымдасқан қылмыстың мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп-қатерлері: мәселелер
Аңдатпа
Аталған мақалада ұйымдасқан қылмыстың себептері ашылып, оның таралуы мен көріністері зерттеледі. Ұйымдасқан қылмыстың ұйымдастыру теориясында зерттеліп,танылған барлық белгілері аталады. Мақалада нақты анықталған жұмыс тәртібі; жұмысқа қабылдаудағы қамқорлық,; кадрларды дайындау және орналастыру; қатаң еңбек тәртібі; қауіпсіздік қызметін қамтамасыз ету; жоғары табысқа ұмтылыс(пайда); ұйымдасқан қылмысқа басшылық ету бойынша әдістемелік құралдың болуы секілді ұйымдасқан қылмыстың күрделі құрылымының белгілері қарастырылады.
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстың барлығы ресми деңгейде танылады. Мақалада Қазақстан Республикасында әрекет ететін ұйымдасқан қылмыстың үш түрі аталып көрсетіледі. Бірінші классикалық түрі. Мұнда негізгі қатысушылар-дәстүрлі қылмыстық орта өкілдері, ал мемлекеттік қызметкерлер қосымша рөл атқарады. Екінші – бірыңғай түрі. Мұнда қылмыстық топ пен мемлекеттік қызметкерлер тепе-тең жағдайда әрекет етеді. Үшінші түрінде қылмыстық әрекетте басты рөлді мемлекеттік билік өкілдері атқарады. Қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылады.
Түйін сөздер: қылмыстылық, мемлекет, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік статистика, қылмыстық кодекс.
