Экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталуы және типтік тергеу ситуациялары
Аңдатпа
Осы мақалада экологиялық құқық бұзушылықты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы мәселелері қарастырылған. Көп жағдайларда тергеу процесс құқық бұзушылық іздерін анықтау үшін тексеру әрекеттерінен басталады, себебі олардың нәтижелері қылмыстық істі тергеуге негіз бола алады. Алғашқы тергеу кезеңінде шамамен қандай типтік ситуациялар болуы мүмкін және осы ситуацияларға байланысты әртүрлі сала мамандарын тергеліп отырған іске қатыстыру, тергеу әрекеттерін жүргізудің қажеттілігіне мақалада көңіл аударылған.
Түйінсөздер: экология, қылмыс, типтік ситуациялар, процессуалдық әрекеттер.
