Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамалық-құқықтық негiздерi

Авторлар

  • R.E. Dzhansarayeva

Аңдатпа

Мақалада көші-қон қатынастарын реттеуге байланысты мемлекеттің қызметінің тұжырымдамалық-құқықтық негiздерiн қалыптастыру үдерістері талданды. Қазіргі кезде мемлекеттің алдында көші-қон үдерістерін басқаруға қатысты теңестірілген шаралардың жүйесін қалыптастыру және жүзеге асыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты елдегі көші-қон үдерістерін басқарудың бар шараларын жетілдіріп, сапалық тұрғыдан басқарудың жаңа тетіктерін дамытуға, ұлттық біртұтастық пен мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберіндегі көші-қон үдерістерінің жағымсыз салдарын төмендетуге бағытталған.
Қазіргі заманғы көші-қон үдерістерін реттеудің құқықтық тетіктерін қалыптастырудың негізгі тенденциялары көші-қон үдерістерінің сапалық тұрғыдан өзгеруіне байланысты туындаған жаңа көші-қон қатынастарын құқықтық реттеудің, мигранттардың жаңа санаттарының пайда болуымен, ұлттық мүддені қорғау, көші-қон заңнамасын унификациялау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Түйінсөздер: көші-қон, көші-қон ағымы, көші-қон қатынастарын реттеу, көші-қон үдерісін басқару.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-03

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY