Қазақстан Республикасы жер қойнауы және жер қойнауынпайдалану туралы ұлттық заңнаманың қалыптасу және даму тарихы
Аңдатпа
Мақалада еліміздің тәуелсіздік алған уакыттан бастан бүгінгі күнге дейінгі жер қойнауы туралы заңнамасына талдау жасалады. Атап айтқанда, жер қойнауы саласындағы алғашқы заңы 1992 жылы 30 мамырдағы «Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы» Кодексінен бастап құқықтық реформалардың әрбір кезеңінде қабылданған заңнамалық актілерді саралап өтеді. Әрине, уақыт өте келе тәжірибеде кез келген заңнаманың әлсіз тұстары мен олқылықтары байқалып жататындығы ақиқат, сол себепті әрбір кезеңде қабылданған негізгі заңнамалық актілердің негізгі мәселелері, жетістіктері мен олқылықтарына, сондай-ақ олардың өзгеріске ұшырауының басты себептеріне автор өздігінше талдау жасайды.
Түйін сөздер: жер қойнауы, ұлттық компания, келісімшарт, лицензия, қолданылатын құқық.
