Қазақстан Республикасындағы міндетті агросақтандырудың тәжірибесі мен ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада еліміздің әлеуметтік қызметтерінің маңызды элементтерінің бірі – міндетті агросақтандыру мәселелері қарастырылады. Автор қазіргі Қазақстандағы міндетті агросақтандырудың тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттейді. ҚР ауыл шаруашылығының дамуының жетістіктері мен мәселелері туралы толыққанды экономикалық талдау 2012 жыл 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің және басқа да ресми ақпараттардың қайнар көздерінің мәліметтерінің негізінде құрастырылған. Мақаладағы айтылған негізгі ой – еліміздің экономика саласының маңызы ретінде, ауыл шаруашылығы аясындағы ұйымдардың жетіспейтіндігі. Ауыл шаруашылығы – өнеркәсіп немесе инновациялық технологиялар салаларының, қалалану дамуының қарқындылығына қарамастан экономиканың айрықша саласы, адам қызметінің басты түрі болып табылады. Қазақстанда ауыл шаруашылық секторының хабаршысы еліміздің экономикалық өсуінің объективті мүмкіндігі.
Түйін сөздер: ауыл шаруашылығы, сақтандыру, ауыл шаруашылығы өнімі, агросақтандыру, аграрлық сектор, міндетті сақтандыру, азық-түлік нарығы, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік тауарлары.
