Қаржылық бақылауды құқықтық реттеудің кейбір мәселелері
Аңдатпа
Қаржылық бақылау елдегі жүргізілетін бақылаудың құрамдас бөлігі немесе арнайы саласы болып табылады. Қаржыларға экономикалық санат ретінде бөлу ғана емес, бақылау функциясы да тән болғандықтан қаржылық бақылаудың болуы объективті шындық. Қаржылық бақылау құқық нормаларында белгіленген тәртіппен барлық мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін өзі басқару органдарының жүйесімен, оның ішінде арнайы бақылау органдарымен, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдарының және азаматтардың қатысуларымен жүзеге асырылады. Қаржылық бақылауды жүргізудің маңызы біріншіден, қаржылық процесс қызметіндегі белгіленген құқықтық тәртіпті мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің қатаң сақтауы тексеріледі, екіншіден, жүзеге асырылатын әрекеттердің экономикалық негізділігі мен сапалығы, олардың мемлекеттің міндеттерімен сәйкестігі бақыланады.
Түйінсөздер: қаржы, қаржы саясаты, қаржылық бақылау, экономика, бюджет саясаты, салық саясаты, ақша-кредит саясаты.
