Корпоративтік құқықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Аңдатпа
Бұл мақалада корпоративтік құқықтың құқық саласы, құқық ғылымы және оқу пәні ретінде анықтаудың негізгі мәселелері қарастырылған. Корпоративтік құқықты екі мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – шаруашылық субьектілерін құру және қызмет ету тәртібін реттейтін, олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Тар мағынада, корпоративтік құқық дегеніміз – коммерциялық ұйымның әкімшілігі немесе меншік иесі бекіткен, сол ұйымның ішкі құқықтық қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер жүйесін білдіреді.
Түйінсөздер: Корпоративтік құқық, корпоративтік құқық пәні, корпоративтік қатынастар, құқық саласы.
