Заң шығару қызметінің қоғамдық жағдайлармен байланыстығы, оларға тәуелділігі
Аңдатпа
Мақалада заң шығару қызметінің қоғамдық жағдайлармен байланыстығы, оларға тәуелді болып табылатындығы қарастырылған. Тиісінше мақалада заң шығармашылығына ықпал ететін, заңдардың мазмұнының қалыптасуына әсер ететін объективтік және субъективтік негіздер, олардың мәні, ескеру қажеттілігі сараланып, заңдар шығаруда объективтік және субъективтік негіздердің өзара байланыстығы анықталды.
Түйінсөздер: заң, заң шығару қызметі, құқық шығармашылығы, мемлекет, қоғамдық мүдде, объективтік негіздер, субъективтік факторлар, заң шығарушы, қоғамдық қатынас, құқықтық реттеу, жоспарлау.
