Қазақстан Республикасының көліктік-транзиттік инфрақұрылымның даму мәселелері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның көліктік-транзиттік жүйесінің дамуының негізгі бағыттары қарастырылады. Халықаралық тасымалдың әлемдік тәжірибесінің көрсетуінше, көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру техникалық және құқықтық мәселелерді шешуге ғана келіп тірелмейді. Ең маңызды, мәселені шешуші мәнге ие, ол экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы физикалық емес кедергілерді алып тастау, яғни олар: бірегей тарифтік саясаттың болмауы, салық салу саясаты, автокөлік жолдарындағы алымдар, тасымалды ұйымдастыру мен басқаруда заманауи технологиялардың жеткілікті мөлшерде қолданылмауы, шекара арқылы жүктерді тасымалдаудың жетілмегендігі және қызметтердің өзара әрекетсіздігі.
Түйін сөздер: көлік, транзит, тасымал, логистика.
