Кінә болмысы туралы теориялық көзқарастар

Авторлар

  • S.T. Tynybekov

Аңдатпа

Бұл мақалада автор азаматтық құқықтағы кінә түсінігінің теориялық мәселелерін саралаған. Кінә құқықтық құбылыс бола отырып, тарихи сипатқа ие, яғни, түрлі тарихи кезеңдер мен мемлекеттік формацияларда кінә мен жауапкершілік әртүрлі позициялардан қарастырылды. Бүгінгі күнгі азаматтық-құқықтық әдебиеттерде «кінә – қасақана немесе абайсызда болатын тұлғаның өз мінез-құлқы мен пайда болған салдарға психикалық қатынасы» деген анықтамасы кеңінен кездеседі. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кінә түсінігінен психикалық аспектілерді алып тастау керек. Керісінше, өзге авторлар азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуде зиян келтіруші тұлғаның кінәсі міндетті түрде есепке алынуы тиіс деп есептейді.
Түйінсөздер: міндеттеме, деликт, рим құқығы бойынша кінә (culpa), қасақаналық (dolus), абайсыздық (negligentia).

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-24

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW