ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ОНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ

Авторлар

  • Zh. Kegembayeva

Аңдатпа

Бұл мақалада осы қоғамның жалпыға ортақ құндылықтары, философиялық идеалдары туралы мәселе көтеріледі. Қылмыстық құқық саласына қатысты қылмыстық құқық нормалары қоғамдағы басымдықтар деп танылған құндылықтардың белгілі бір тобын қорғауға бағытталғанын атап өтуге болады. Бұл тұрғыдан қылмыстық заңда қоғамдық әділеттілік көрініс табуы тиіс. Қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазалау әділдігін негіздеу мәселесі құқыққа қарағанда әлдеқайда философиялық болып табылады. Автордың айтуынша, соңғы уақытта қылмыстық құқық философиясы мәселелері бойынша жұмыстардың саны көбеюде. Мүмкін бұл мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының заманауи кезеңіне байланысты. Қылмыстық құқық философиясы зерттеушілерді қызықтырады, себебі ол қылмыстық заңнаманың мәнін ашуға мүмкіндік береді. Адамның жасаған қылмысы үшін жауаптылық пен әділдік туралы, оның еркін таңдауы мен жазаның пропорционалдылығына қатысты және т.с.с. тиісті ой-пікірлерді танымал философтардың көптеген еңбектерінен табуға болады. Автор қылмысты және оны жасағаны үшін жазаны анықтайтын қылмыстық заң негізгі критерийге сәйкес келуі тиіс: жаза әділ және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қажетті болуы керек деп қорытынды жасайды.
Түйін сөздер: қылмыстық құқық философиясы, қылмыстық-құқықтық саясат, әділеттілік, қылмыс пен жаза, қылмыстық құқықтың негізгі институттары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-24

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY