Су қауіпсіздігінің құрылымы: теориялық-құқықтық аспект

Авторлар

  • A. Zhatkanbaeva
  • A. Jangabulova
  • D. Baydeldynov
  • K. Aydarkhanova

Аңдатпа

Су ресурстары жетіспеушілігі және трансшекаралық өзендерінің үлкен көлемі бар мемлекет Қазақстан үшін су қауіпсіздігі үшін ерекше маңызға ие. Бұл ғылыми тұжырымның теориялық аспектілері әдебиетте толығымен қамтылмаған және лайықты негіздемесі мен зерттеуі жоқ. Сонымен қатар, осы саладағы зерттеулердің өзектілігі мен қажеттілігі сөзсіз. Мақалада су қауіпсіздігі институтының тұжырымдамасы мен мазмұны саяси-құқықтық санат ретінде талданады. Объект, субъект, қауіп, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі сияқты ұғымдар қарастырылады. Отандық жағдайды талдау арқылы Қазақстанның су қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы қарастырылады. Қорытындыда су қауіпсіздігін тек экологиялық және құқықтық жағынан қарастырылмайды, өйткені ол экономикалық және саяси компоненттерді біріктіретін үлкен кешенді ұғым деген қорытынды жасалынады. Су қауіпсіздігі саласындағы сыртқы және ішкі сипаттағы заманауи қауіптерді зерттеу арқылы авторлармен теориялық және тәжірибелік маңызы бар бірқатар ұсыныстар жасалынды.
Түйін сөздер: су құқығы, су қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мүдделер, су қауіпсіздігіне қатер, ұлттық қауіпсіздікке қатер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-24

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW