Қазақстан Республикасының Президенті – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғаудың негізгі кепілі

Авторлар

  • D.M. Baimakhanova
  • A.B. Smanova

Аңдатпа

Қазақстан Президентінің мемлекет басшысы ретінде, оның жоғары лауазымды тұлғалығын,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі ретінде Қазақстанда адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету тетігін дамыту
мәселелерін шешудегі рөлі мен маңызын анықтау мақаланың мақсаты.
Жұмыстың әдіснамасын диалектикалық әдіс, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтанулық
зерттеу әдістері, сондай-ақ модельдеу және болжау әдісі құрады. Жұмыстың қорытындылары
мен нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметінің маңыздылығын талдаудан тұрды.
Мақала авторы алған нәтижелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін
бекітетін конституциялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Автордың тұжырымдары
Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету тетігін
жетілдіру үшін, сондай-ақ конституциялық-құқықтық пәндерді оқыту процесінде пайдаланылуы
мүмкін.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқықтары
мен бостандықтары, Қазақстан Республикасының Президенті, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының кепілі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-21

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW