Экстремист қылмыскердің криминологиялық сипаттамасы
Аңдатпа
Осы мақала шеңберінде автор экстремист тұлғасы сияқты өте күрделі, көп қырлы, көп аспектілі мәселені қарастырып, діни экстремистік бағытты ұстанушы тұлғаға жалпы сипаттама беруге, оның әлеуметтік-демографиялық, психологиялық болмысын және оны шеткі әрекеттерге итермелеуші себептерді ашуға тырысады. Экстремистік бағыттағы қылмыскер психологиясы механизмінің күрделілігі, экстремизм генезисіндегі ең бастысы-индивидтің өзін-өзі таныту қажеттілігінің пайда болу себептері зерделенеді. Статистикалық мәліметтер негізінде жеке тұлғаны осындай қылмыс түрін жасауға ықпал етуші факторлар мен оның әлеуметтік жағдайы қарастырылады.
Түйін сөздер: қылмыскер тұлғасы, әлеуметтік-демографиялық сипаттама, дәстүрлі емес дін өкілдері, психикалық күйзеліс, дінтану.
