Қылмысты қайталап жасаушы қылмыскерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Аңдатпа
Осы мақалада қылмысты қайталап жасаушы қылмыскер тұл-ғасының өзіндік ерекшеліктері қарастырылады. Оларға әлеуметтік-демографиялық және психологиялық сипаттама беріліп, ғылымның түрлі сала ғалымдарының пікірлері негізге алынады. Сондай-ақ, қылмысты қайталап жасаушылардың қылмыстық субмәдениет пен қылмыстық орта дәстүрлерін белсенді түрде таратушы тұлғалар екендігі ашылып, олардың әлеуметтік тұрақсыз тұлғалар мен девиантты әрекеттерге бейім адамдарға (әсіресе жастар) тигізер жағымсыз әсері қарастырылады. Мақалада пенитенциарлық қыл-мыстың қайталануының алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар жасалады.
Түйін сөздер: қылмысты қайталап жасаушы қылмыскер, қыл-мыскер тұлғасы, субмәдениет, қылмыстық орта, девиантты әрекет, пенитенциарлық қылмыстың қайталануы.
