Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Аңдатпа
Осы жұмыста жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы қарастырылған. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексі және 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормаларына салыстырмалы талдау жасалған. Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен жағдайлары анықталған.
Жұмыста, автор ҚР 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінің
68-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық регламенттеу тәртібіне назар аударған. Сонымен қатар, автор ҚР
2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінің 68-бабының жағымды тұстарын атап көрсеткен.
Түйін сөздер: қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерімен жағдайлары, қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық регламенттеу тәртібі, жәбірленушімен татуласу, қылмыстық құқықтың көтермелеу нормалары.
