Қазақстан Республикасында экстрадициялау институтын реттеу мәселелері
Аңдатпа
Осы мақалада ғылыми-заңи әдебиеттердiң қайнар көздерi бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарын, халықаралық қылмыстық құқық қалыптары мен доктринасын ескере отырып кешендi түрде қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беру мәселесi теориялық түрғыда қарастырылды. Қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беруді реттейтін құқықтық негіздерге халықаралық шарттар, ұлттық заңнамалар және өзаралық қағидасы жатады.
Түйін сөздер: қылмыстылық, қылмыскерлерді ұстап беру, экстрадиция, қылмыскерлермен күресу.
