Жаһандану заманында жаңа ҚР ҚІЖК-нің өзекті мәселелері
Аңдатпа
Авторлар жаңа қылмыстық-саяси вектордың дамуын «Қазақ-стан-2050: Дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламасын негізге ала отырып, жаңа қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің өзекті мәселелерін қарастырған, оның ішінде ҚР Конституциясына, халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестігін анықтау. Қылмыстық іс жүргізу заңын қазіргі заманның талаптарына сай тиімді пайдалану, қысқартылған тәртіппен іс жүргізудің өзекті мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: қылмыстық сот өндірісі, кінәсін мойындау келісімшарты, қылмыстық сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органдар, қылмыстық істі қозғау институты, қысқартылған өндіріс.
