Қылмыстық іс жүргізудегі медиация институты
Аңдатпа
Мақалада ҚР қылмыстық іс жүргізудегі медиацияның құқықтық табиғаты қарастырылады. Медиацияның пайда болу тарихына талдау жасалған. Медиация институтының енгізілуі және дамуы үшін нормативтік құқықтық негіз қалыптастырылған. Десе де қылмыстық медиация қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысында дамымаған. Осыған байланысты, авторлармен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне заңда көзделген жағдайларда, соның ішінде медиация тәртібімен тараптардың татуласуы үшін қылмыстық қудалауды жүргізуші органдардың жағдай жасау міндеттілігі туралы ереже ұсынылып отыр.
Түйін сөздер: медиация, қылмыстық іс жүргізу, медиатор, қылмыстық қудалау, соттық медиация, тараптардың татуласуы.
