ЕAЭО шегінде экологиялық заңнаманы «гармонизациялау»

Авторлар

  • E.A. Akopova

Аңдатпа

ЕAЭО мемлекеттерінің экологиялық заңнамасының құрылымы мен жағдайы мәселелерін сараптауда басты екі бағытты атап өтуге болады: бірінші – ЕAЭО-тың жеке мемлекеттеріндегі құқық көзі, заң шығару үрдісінің ерекшеліктері мен оның қорытындылары жөнінде және екінші жалпы Одақтағы экологиялық заңнаманың дамуының беталысы жөнінде. Қоршаған ортаны қорғау саласында республикалар арасында қол қойылған қоршаған ортаны қорғау мен экология саласындағы өзара әрекеттесу келісімшарты қызмет етуде. Сонымен қатар, мемлекетаралық экологиялық кеңес құрау жөнінде шешім қабылданған. Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экологиялық заң шығарушылықты белгілі бір деңгейде бірегейлендіруге мүмкіндік беретін нормативтік актілер қабылдау болып табылады. Экологиялық ахуал біртіндеп мемлекеттің экономикалық және саяси әл-ауқатына әсер етуші маңызды фактор болып табылады.
Түйін сөздер: Еуразиялық одақ, экологиялық заңнама, бірегейлендіру, экологиялық ахуал.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-03

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW