Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құқықтық аспектісі

Авторлар

  • N.S. Baimbetov

Аңдатпа

Бұл мақалада автор Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативті құқықтық актілердің жалпы сипаттамасын келтіреді. «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы өнеркәсіпте және ТКШ саласында энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу қағидаларын енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, бағдарлама жоспары жергілікті атқарушы органдардың энергияны үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруын, энергия үнемдеуді насихаттау, энергия үнемдеу саласында кадрларды дайындау қарастырылады. Энергия үнемдеу саласында нормативті құқықтық актілер энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу қағидаларын енгізуге бағытталған. Энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатады, сондықтан барлық шаруашылық салаларда және жалпы коғам ішінде энергия тиімділігін арттыру қажет.
Түйін сөздер: энергия, энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру, жаңартылған энергия көздері, энергошығын.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-28

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW