Су және орман ресурстарын пайдаланғанда инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері
Аңдатпа
Осы мақалада су және орман ресурстарын пайдаланғанда инвестициялық қызметі аумағындағы құқықтық қамтамасыз ету мәселелері, осы секторда инвестицияны тартуды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері, су және орман ресурстарын ұтымды пайдалану, оның ішінде орманды қайта қалпына келтіру, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған. Инвестициялық, экологиялық, жер, су, заңнамаларына, қоршаған ортаны қорғау аумағындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру, көлік және құрылыс саласында өте күшті нарық құру үшін инвестицияны кеңейту және су және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: құқықтық реттеу, су ресурсы, орман ресурсы, қоршаған ортаны қорғау, инвестиция.
