Заттық құқықтардың ұғымы мен белгілерін анықтаудың әдістемелік мәселелері
Аңдатпа
Заттық құқықтар мәселесі әрқашан ғылым мен құқық қолдану тәжірибесін қызықтырып келе жатқан санаттардың бірі болып табылады. Ұғымы мен белгілерін анықтауды қажет ететін құқықтық институттар қатарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар кіреді. Заттық құқықтарға түсінік беруге талпыныс жасаудың көп болуына қарамастан, азаматтық құқық ғылымында да, қолданыстағы заңнамада да оның жалпыға танымалдығына қол жеткізіле қойған жоқ.
Заттық құқықтың «үштұғырнамалық» тұжырымдамасы тиісінше мынадай үш өкілеттікке сәйкес келеді: иелену, пайдалану және билік ету. Заттық құқықтың әрқилы түрлерінде құқық иеленуші әртүрлі құқықтық өкілеттіктерге ие болады. Заттық құқықтардың неғұрлым жалпы түсінігіне оның спецификалық ерекшеліктерінің жиынтығын кіргізуге болады. Әрқилы заттық құқықтардың белгілерінің біртекті болмауы, сондай-ақ, заттық құқықтар мен міндеттемелік құқықтардың арасындағы аса қатты айырмашылықтардың болмауы, олардың ұқсас белгілерінің болуына да тікелей байланысты.
Түйін сөздер: құқық, заттық құқық, меншік құқығы, белгілер, құқықтық өкілеттіктер.
