Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің құқықтық реттелуі
Аңдатпа
Аталған мақала ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің құқықтық реттелуінің сұрақтарына арналған.Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі неке кезінде жинаған жылжымайтын және жылжитын мүліктері болып табылады.Қазіргі кезеңде Қазақстанда мүліктік қатынастардың қолдану аясы кеңейді,оның ішінде жылжымайтын мүліктердің ауысу құқығы.Жылжымайтын мүліктерді міндетті түрде тіркеуге байланысты және мәмілелерді тіркеуге байланысты практикалық органдарда ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін тіркеу тәртібі туралы сұрақтар туындады.Мақалада жылжымайтын мүліктерді ерлі-зайыптылардың біреуінің атына алынған кездегі жағдайы қарастырылған.
Түйін сөздер: мүлік,ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі,ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу,жылжымайтын мүлікті тіркеу.
